Бейнеу ауданында ІІО жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлермен кездесу өткізілді

    ·
    Бейнеу ауданында ІІО жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген талапкерлермен кездесу өткізілді

    Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Төлегенов Ішкі істер органдарының жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында қатысушыларға ведомстволық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу кезеңдері, дене даярлығы нормативтері және үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар жан-жақты түсіндірілді.

    Сондай-ақ, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, болашақ полиция қызметкерлеріне мамандықтың ерекшеліктері, қызметтің артықшылықтары мен жүктелетін жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат ұсынылды.

    Іс-шараның мақсаты – жастардың құқық қорғау органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және Ішкі істер органдарының жоғары оқу орындарына түсу тәртібі жөнінде жан-жақты ақпараттандыру.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары