Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті

    ·
    Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті

    Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар» клубының кезекті отырысы өткізілді.

    Отырыстың негізгі мақсаты – клуб мүшелерінің белсенділігін арттыру, жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды бірлесіп талқылау болды.

    Іс-шара барысында клуб құрамына жаңадан қабылданған мүшелер таныстырылып, оларға клубтың мақсат-міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ клуб қызметінің негізгі бағыттары, жастар арасында сайлау заңнамасын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық белсенділікті қалыптастыру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Кездесу барысында клубтың 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары қорытындыланып, өткізілген кездесулер, танымдық іс-шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыруға бағытталған бастамалар бойынша есеп тыңдалды. Атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, оларды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

    Сонымен қатар, отырыста алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланып, жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға, сайлау тақырыбындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және жаңа форматтағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты бірқатар ұсыныстар қаралды. Клуб мүшелері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асырылатын бастамалар бойынша ортақ келісімге келді.

    Мұндай кездесулер жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына және демократиялық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары