
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Әуезов ауданында «Есірткіге біз қарсымыз – біз спортты таңдаймыз!» атты мектепішілік іс-шара өтті.
Іс-шара жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен шұғылдануды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткінің зияны, дене белсенділігінің маңызы туралы айтылып, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.









