
Абай даңғылы көпір құрылысының маңын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары сараптамадан өткен жоба негізінде жүргізілуде.
Бұл жоба Жібек жолы ауданы әкімдігі мен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тұрғындарға кеңінен таныстырылып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі таңда тұрғындардың келісімі негізінде жобаға сәйкес су желілерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лотоктар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, арнайы жиектастар қойылуда. Аталған жұмыстар белгіленген талаптарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен белгіленген талаптарға сәйкестігі тиісті сала мамандарының бақылауында.







