Елордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дрондардың мүмкіндігі кеңейіп келеді

    Елордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде дрондардың мүмкіндігі кеңейіп келеді

    Астана қаласының полиция департаменті қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи технологияларды белсенді қолдануда. Соның бірі – қала аумағын әуеден бақылауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары.

    Бүгінде елорда аумағында күн сайын 10 дрон тұрақты негізде іске қосылып, бейнемониторинг жұмыстарын жүргізеді. Дрондар ең алдымен жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға, бұқаралық іс-шаралар кезінде жағдайды бақылауда ұстауға, жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларға қолдау көрсетуге, сондай-ақ бейнебақылау камераларымен қамтылмаған аумақтарды бақылауға бағытталған.

    Әуеден жүргізілетін мониторинг полиция қызметкерлеріне жағдайды жедел бағалап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

    Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 4 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш заманауи технологиялардың полиция жұмысының тиімділігін арттырудағы рөлін айқын көрсетеді.

    Полиция цифрлық технологияларды одан әрі жетілдіру және оларды құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тиімді пайдалану жұмыстарын жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары