
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Жоғары аграрлық техникалық колледжінде «Заң мен тәртіп: құқықтық сана қалыптастыру» тақырыбында студенттермен іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, адам құқықтарын қорғау, алаяқтық мәселелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция.
Іс-шараға:
🔹 Гульнара Аманжанқызы — Орал қаласы мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы;
🔹 Айнэль Есекенқызы — БҚО бойынша департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы;
🔹 Аманқос Сағынұлы — ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің БҚО бойынша өкілі қатысты.
Спикерлер студенттермен ашық пікір алмасып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениет қалыптастыру және қоғамдағы жауапкершіліктің маңыздылығы және жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция жөнінде сөз қозғады.









