Рәміздер- Тәуелсіздіктің тұмары!

    ·
    4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, аудан орталығы Переметный ауылындағы Бейбітшілік және келісім саябағында “Рәміздер- Тәуелсіздіктің тұмары!” атты салтанатты шара өтті. Мемлекеттік туымыз көтеріліп, әнұран орындалып іс-шара шымылдығы ашылды. Елдік пен егемендікті ұлықтаған бұл күннің аясында ауданымыздың дамуына, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне зор үлес қосып жүрген бірқатар белсенді азаматтар марапатталды.
    ​Аудан әкімі М. Тоқжанов құттықтау сөз сөйлеп,өз атынан ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене араласқан жерлестерімізге арнайы алғыс хаттар табыстады.
    ​Барша марапат иелерін лайықты құрметтерімен құттықтаймыз!
    Еліміздің игілігі мен ауданымыздың гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары