Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ·

    «Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша әзірленген ұсынымдар мен ішкі талдау нәтижелерін ашық жария талқылауға бұйрыққа сәйкес жауапты тұлға, қоғам өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Қарабалық ауданының тұрғындары шақырылады.

    Жария талқылау 2026 жылғы 11 маусымда (бейсенбі) сағат 16:00-де офлайн форматта өтеді.

    Өтетін орны: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтар көшесі, 31-үй, Қарабалық ауданы әкімі аппаратының ғимараты, 2-қабат, № 202 кабинет.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары