Қаржылық бақылау шаралары

    Қаржылық бақылау шаралары

    Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:
    - активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;
    - кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

    Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны:
    - Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) - кандидат ретінде тіркелгенге дейін;
    - осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) - лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.

    Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:
    - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
    - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
    -лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
    -мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары