Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Батыс өңірінің ән-күй мұрасы» атты концерт өтті.
Кеш еліміздегі әр өңірдің ән-күйін насихаттауға бағытталған концерттер топтамасы аясында ұйымдастырылды.
«Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері Батыс өңірдің әншілік, күйшілік және жыр-терме дәстүрін танытатын 18 туынды орындады.
Кеште Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Махамбет Өтемісұлы, Мұхит Мералыұлы және Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармалары орындалды.
Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Медет Салықов, Еділ Басығараев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.
Концертте Батыс Қазақстан өңірінің ән-күйі мен жыр-термесі қатар орындалып, өңір шығармашылығының өзіндік сипаты мен орындаушылық дәстүрінің сабақтастығы көрініс тапты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









