Маңғыстау облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

    1 / 3

    Бүгін, 29 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

    Аймақ басшысы Ақтау қаласының 16-шағынауданында орналасқан №68 сайлау учаскесінде дауыс берді.

    Бүгінде Маңғыстау облысындағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушылардың өз таңдауын еркін жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай жасалған.

    Айта кетейік, өңірде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу үшін 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша 455 мыңнан астам азаматтың дауыс беру құқығы бар.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының әкімдігі" жаңалықтары