Барлық деңгейдегімәслихаттардың депутаттарын сайлау күні Жетісу облысында 8 сәби дүниеге келді. Олардың 4-еуі – қыз, 4-еуі – ұл, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әр сәбидің дүниеге келуі – отбасы үшін ерекше қуаныш. Талдықорған қаласы, Көксу, Ескелді,Панфилов аудандарындағы сегіз отбасы үшін 29 қараша сайлау күнімен қатар, шаңырақтарынажас сәбидіңқосылған күні ретінде де есте қалмақ.
Дәрігерлердің мәліметінше, нәрестелермен аналардың денсаулық жағдайы жақсы. Қазіргікездеолар мамандарының бақылауында болып, қажетті медициналық көмек алуда.
2026 жылдың 10 айында Жетісу облысында 6 972 балаөміргекелген. Оның 3 672-сі – ұл, 3 300-і – қыз. Осы кезеңде 58 егіз және бір үшемдүние есігін ашқан.
Сонымен қатар қараша айында Кербұлақ ауданындағы отбасылардың бірінде төртем дүниеге келді. Төрт ұл өмірге келген соң бұл отбасы көпбалалы атанды. Жас отбасына қолдау көрсету мақсатында әкімдік тарапынан үш бөлмелі пәтер берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Иллюстрация ЖИ көмегімен жасалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









