Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

    1 / 4

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде орналасқан № 389 сайлау учаскесінде таңдау жасады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жалпы, Жетісу облысы аумағында469сайлауучаскесі бар. Олар жұмысын таңғы сағат 6-дан және 7-ден бастады, кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

    Өңірде тіркелген сайлаушылар саны- 442 056 адам.

    Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер бойынша Жетісу облысында 14,24 пайыз. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы ның мәліметіне қарағанда, республика бойынша сағат 10:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 12,31% дауыс берді.

    Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Фотограф: Дмитрий Ерофеев

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақсу ауданының әкімдігі" жаңалықтары