МАҚТААРАЛДЫҚТАР МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

    1 / 11
    Мақтаарал ауданының тұрғындары мәслихат депутаттарының сайлауына белсене қатысуда. Саяси науқан аясында ауданда 62 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады. Қазіргі таңда 69 212 жерлесіміз дауыс беру құқығына ие. Бұл аудан халқының 55 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, дауыс беруді ұйымдастыру үшін 3 жабық сайлау учаскесі қарастырылған.
    Сайлау барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге де баса назар аударылған. Ауданда осы санаттағы 1344 сайлаушы тіркелген. Оларға 4 инватакси, 4 әлеуметтік такси, 9 сурдоаудармашы және жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 161 азаматқа жеке көмекші қызмет көрсетеді.
    Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін үйінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, сайлаушыларға қажетті ақпарат алу және өз учаскесін анықтау үшін аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды.
    Азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеруіне арналған 36 онлайн сервис, 1 шағын ХҚКО, 1 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
    Бұдан бөлек, әр сайлау учаскесіне комиссияның екі мүшесі бекітілген. Олар азаматтардың тіркелуіне қатысты мәліметтерді «Электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде тексеруге мүмкіндік береді. Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге жұмыс істейді.

    (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары