ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің тұрақты бақылауында.

    Осы бағыттағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Қ.Қ. Каринаның төрағалығымен өңірлік полиция департаменттері бастықтарының орынбасарларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында кеңес өткізілді.

    Кеңес барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Әсіресе білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдер арасындағы төбелестерге, буллингке және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу, мектеп аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың профилактикасын күшейту мәселелері талқыланды.

    Азаматтардың электрондық өтініштерін қарау сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Өтініштерді формальды қарауға жол бермей, әрбір азаматтың уәждерін объективті әрі жан-жақты зерделеу қажеттігі атап өтілді.

    Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердегі профилактикалық жұмысты жандандыруға, анықталған кемшіліктерді жоюға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

    https://www.instagram.com/reel/DgRb7peMQMN/?knvt=dXdmaXlramRmZTkw

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті" жаңалықтары