Ақтауда полицияның отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына гендерлік тұрғыдан сезімтал ден қоюына арналған оқыту іс-шараларының қорытынды кезеңі өтті.
Оқыту сериясы аясында Ішкі істер министрлігінің пилоттық өңірлердегі мамандандырылған бөлімшелерінің қызметкерлері практикалық ден қою құралдарымен жұмыс істеді. Олар қайталанатын және ауыр зорлық-зомбылық қаупін кешенді бағалауды, әр баланың қауіпсіздігін ескеруді, қорғау шараларын қолдануды, зорлық-зомбылық жасаған адаммен жұмыс істеуді және басқа қызметтермен өзара іс-қимыл орнатуды үйренді.
Бағдарламада практикалық жағдайларды талдауға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар болған оқиғаны ғана емес, зорлық-зомбылықтың жалғасып жатқанын немесе қаупінің артып келе жатқанын көрсететін факторларды, қандай шараларды дереу қабылдау қажеттігін және жағдайды қай кезде қайта бағалау керектігін талқылады.
Тағы бір маңызды тақырып - полиция қызметкерлерінің кәсіби тұрақтылығы. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларымен жұмыс істеу елеулі эмоционалдық жүктемемен байланысты. Сондықтан кәсіби құзыреттерді дамытумен қатар, эмоционалдық қажудың алдын алуға және психологиялық тұрақтылықты сақтауға да назар аудару қажет.
Оқыту сериясының аяқталуы - жұмыстың соңғы нүктесі емес. Бұл қол жеткізілген практикалық нәтижелерді қорытындылауға, алдағы оқытуға деген қажеттіліктерді анықтауға және ынтымақтастықтың келесі қадамдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Оқыту сериясын Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Маңғыстау облысының Полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырды.
Ақтауда оқыту тренингтерінің сериясы аяқталды
1 / 5
Ұқсас материалдар

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
"Қауіпсіз үй": төрт күнде 46 мыңнан астам тұрғын үй нысаны тексерілді
ҚР ІІМАшу
Ақтау әкімдігінде әдеп нормаларын сақтау мәселесі талқыланды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
СҚО-да «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында есепте тұрған 2 мыңға жуық азамат тексерілді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшуТұран ауданының прокуратурасы жастарды есірткі қылмысына араласпауға шақырады
Шымкент қаласының прокуратурасыАшу
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті" жаңалықтары

Көкшетауда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу
Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тренинг
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу
Құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу
Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіАшу