1 / 5
19 қазанда ҚР ІІМ өкілдері Құралай Карина мен Ақмарал Серікбаева Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдері Мирко Гюнтер, Филипп Ян және Әлима Теңізбаймен кездесті.
Кездесу барысында тараптар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін және жаңа бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
ІІМ өкілдері Қорға көпжылдық қолдауы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.









