Қызылордадағы «Өнер орталығында» 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Тәуелсіздік құндылығы туралы, саяси жаңғыру, цифрландыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және экономиканы, адами капиталды дамыту бағытындағы міндеттерді, ұлттық бірлікті нығайту, заң мен тәртіпті сақтау, отаншылдық пен еңбекқорлықты дәріптеудің маңызын атап өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш» екенін айтты. Биыл еліміздің ең қастерлі құндылығы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарияланғанына 35 жыл толуда. Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы, азаттық жолындағы күресінің жемісі, елдігіміздің берік тұғыры.
Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әрбір табысымыз – халқымыздың бірлігі мен ерен еңбегінің жемісі. Халқымыз «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» – дейді. Біздің де басты ұстанымымыз – аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуы жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін лайықты бағалау. Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшымыздың Жарлығына сәйкес ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарымызды арнайы марапаттап, құрмет көрсету – біздің парызымыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бүгінгі мерейлі күнді аймақ тұрғындары толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен қарсы алды. Жерлестеріміздің Мемлекет басшысының бастамасымен Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы адал еңбегі лайықты бағасын иеленіп келеді.
Айта кету керек, 2022 жылдан бері облыс экономикасына 2,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ұлттық мереке қарсаңында Қызылорда қаласында «Orda Power» серіктестігінің күн электр станциясының, «Terra Green» компаниясының заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бүгін екі тұрғын үйдің 160 пәтері иелеріне табысталды.
Соңғы төрт жылда өңірде 270-тен астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін «Қызылорда Арена» спорт кешені мен 300 орындық көпбейінді аурухананы іске қосу жоспарланған.
Республика күні: Ерен еңбекке – елеулі құрмет
1 / 23
Ұқсас материалдар

Бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыАшу
Мектептерде күзгі демалыс басталды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Atameken Business» телеарнасының Exclusive бағдарламасына Жаңа Конституция және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық өзгерістер туралы айтты.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММАшу
Республика күні құтты болсын!
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
"Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
«Сұлу сырдан сазды сәлем»: Бейжің аспанында қазақ әні қалықтады
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Сыр өңіріндегі инвестициялық жобалар KGIR -2026 алаңында марапатқа ие болды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Сауда нысандарында мерекелік іс-шаралар өтуде
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу