Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

    1 / 7

    Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

    Іс-шара аясында ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

    Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Х. Мадиевтің атынан, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Сапаровтың атынан Алғыс хаттарды, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ.Т. Нұрмұхамбетовтің Құрмет грамоталарын, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.

    Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ауданның аграрлық саласын дамытуға қосқан үлесі, адал еңбегі, кәсіби шеберлігі мен өз ісіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

    Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламада қазақстандық эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин өнер көрсетіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік әсер сыйлады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі" жаңалықтары