Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады

    1 / 3

    Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады

    Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев Индонезияда өткен киокушинкай каратэден Азия чемпионатында Азия чемпионы атанған Ғаббасова К.М.-ны, сондай-ақ халықаралық каратэ турнирінің жеңімпазы Ғаббасова И.М.-ны жоғары жетістіктерімен құттықтады.

    Кездесу барысында аудан басшысы спортшылардың қол жеткізген нәтижелерін атап өтіп, олардың табандылығы мен еңбекқорлығына, спорттағы жоғары шеберлігіне тоқталды.

    Сонымен қатар спортшыларды кәсіби тұрғыда дайындап, олардың жетістіктеріне үлес қосқан жаттықтырушы Ж.С. Исмакановқа және қыздарының жетістіктеріне қолдау көрсетіп, тәрбиелеп отырған ата-аналары Ғаббасов М.С. пен Ғаббасоваға А.О. алғыс білдірді.

    Кездесу соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М. мен отбасының досы Тасқалиева Г.Т. спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыстар тілеп, аудан мен ел намысын абыроймен қорғауларына тілектестік білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі" жаңалықтары