Аудан әкімі Р.Ә. Аңбаев «ЛИРА» ЖШС қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылу мәселелері, мерзімдері мен негізгі кезеңдері қаралды. Жұмыстардың сапалы орындалуына және белгіленген талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









