Мәслихат депутаттарының алдағы сайлауына дайындық бойынша жұмыс кеңесі өтті
Аудан әкімінің аппарат басшысы Кенжебеков А.Б. төрағалығымен мәслихат депутаттарының алдағы сайлауына дайындық және оны ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында негізгі ұйымдастыру мәселелері, дайындық жұмыстарының барысы, сайлау учаскелерінің әзірлігі, сондай-ақ сайлау заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруге және жүктелген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуына ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









