Ауыз су сапасы мәселелері талқыланды

    1 / 2

    Ауыз су сапасы мәселелері талқыланды

    2026 жылғы 27 қарашада Павлодар облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы О.А. Жүнісова «Халық үшін қолайлы тәуекел критерийлері бойынша атмосфералық ауаның және ауыз судың сапасына мониторинг жүргізу» тақырыбындағы онлайн-семинарда спикер ретінде сөз сөйледі.

    Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының «Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы ұйымдастырды.

    Семинар барысында О.А. Жүнісова Павлодар облысындағы ауыз судың сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде халық денсаулығына төнетін тәуекелдерді бағалау тақырыбында баяндама жасады.

    Баяндамада канцерогендік, канцерогендік емес және органолептикалық тәуекелдер қарастырылып, анықталған тәуекелдер нысана-ағзалар бойынша сырқаттанушылық динамикасымен салыстырылды. Сонымен қатар су дайындау жүйелерін жаңғырту және өндірістік зертханалық бақылауды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

    Осындай кәсіби іс-шараларға қатысу тәжірибе алмасуға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Сапалы ауыз су — халық денсаулығының маңызды кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары