ЛЕПСІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДЕПУТАТПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 2

    Лепсі ауылдық округінде Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Даутбаева Салтанат Ғапбасқызымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында ауылдық округтің тыныс-тіршілігі, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер және ауылды дамыту бағытындағы ұсыныстар талқыланды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – халық пен депутат арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау және өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру.

    Осындай кездесулер халық пен жергілікті өкілді орган арасындағы өзара байланысты нығайтып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары