1 / 3
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Лепсі ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындардағы тұрмыстық қалдықтар жиналды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауылдың көркін жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық – ортақ міндет! Ауылымыздың тазалығы әрқайсымыздын жауапкершілігімізден басталады. Туған жерімізді таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









