2026 жылғы мамыр–қараша айлары аралығында Алакөл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Adal Qadam» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Өркендер» академиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Жобаның негізгі нәтижелері:
1 000 адам жоба аясындағы іс-шаралармен қамтылды;
16 ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды;
100 азаматқа құқықтық кеңес берілді;
«ART OF LAW» шығармашылық байқауы өткізілді;
«Заң мен тәртіп» интерактивті құқықтық квесті ұйымдастырылды;
құқықтық мәдениетті насихаттайтын мурал ашылды;
«Q, QR» цифрлық ақпараттық жүйесі енгізілді.
Жоба аясында құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, интернет қауіпсіздігі және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
6 қарашада өткен қорытынды дөңгелек үстелде жобаның нәтижелері талқыланып, құқықтық ағарту жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша ұсыныстар қабылданды.
«Adal Qadam» жобасы жоспарланған көрсеткіштерді орындап, аудан тұрғындары арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды бастамаға айналды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








