2026 жылғы 25 қазан – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі, Республика күні.
Республика күні – еліміздің егемендігін айқындайтын, ұлттық бірлікті нығайтып, отансүйгіштік рухты дәріптейтін маңызды мереке. 1990 жылғы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған тарихи оқиға болып табылады.
Осы айтулы мерекеге орай Лепсі ауылдық округінде тұрғындардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ел тарихын құрметтеу, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен бірлікті дәріптеу.
Мерекелік концерттік бағдарлама аясында. Іс-шара барысында Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет және ел болашағына деген сенім тақырыптары кеңінен насихатталды.








