«Қария — елдің шежіресі, халықтың қазынасы»

    «Қария — елдің шежіресі, халықтың қазынасы»

    Белсенді өмір сүру орталығында Жыланды және Лепсі ауылдық округі аппараттары мен мәдениет үйлерінің ұйымдастыруымен «Қария — елдің шежіресі, халықтың қазынасы» атты танымдық шара өтті.

    Мерекелік шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

    Шараның шымылдығын ашқан ауыл ақсақалдары С. Алиев пен Ж. Тушкенова құттықтау сөз сөйлеп, өздерінің ак тілектерін білдірді. Аналар кеңесінің төрайымы Р. Әлібекова мен Ф. Тоқпаева ханым Лепсі және Жыланды ауылдық округтерінің тарихы мен жетістіктеріне кеңінен тоқталып өтті.

    Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында халқымыздың көнеден келе жатқан қадірлі де көркем дәстүрлерінің бірі — «Құда түсу» және «Сырға салу» рәсімдері сахналанып, қазақы салтымыздың кайталанбас көрінісіне айналды. Ауыл ақсақалдары Н. Касымов пен А. Хаккей ақ батасын берсе, әжелер шашу шашты.

    Ауыл үлкендерінің өнерімен өрілген мерекелік концерт кешке ерекше сән берді. Шара соңында Белсенді өмір сүру орталығының басшысы Садиев Алмат Тезекбайұлы сөз алып, кештің жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етті. Өз сөзінде ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары