Медицина саласының қызметкерлерімен кездесу өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелері мен басым бағыттары түсіндірілді.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, саланы цифрландыру, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесуде сөз сөйлеген Алдияр Аубакиров денсаулық сақтау жүйесін дамыту елдің әлеуметтік әл-ауқаты мен халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік саланы дамытуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Денсаулық сақтау жүйесінде бұл міндеттер ең алдымен сапалы медициналық көмекті уақтылы көрсету, аурулардың алдын алу, заманауи технологияларды енгізу және білікті мамандарды қолдаумен тығыз байланысты. Сондықтан медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен ұсыныстары белгіленген бастамаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, – деді Алдияр Аубакиров.
Кездесу соңында медицина қауымдастығының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде, Жолдауда белгіленген бастамаларды түсіндіру және халықпен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасатыны атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








