ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ

    2026 жылғы 23 қарашада Индер аудандық қоғамдық кеңесінің бастамасымен Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Балдаурен» бөбекжай-бақшасында қоғамдық мониторинг жүргізілді.

    Мониторинг барысында бөбекжай-бақшаның жағдайы, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру сапасы және санитариялық талаптардың сақталуы зерделенді.

    Сонымен қатар ата-аналар арасында сауалнама өткізілді. Оған Индербор кентіндегі «Айналайын», «Райхан», «Ботақан» және «Балдаурен» бөбекжай-бақшаларының 412 ата-анасы қатысты.

    Мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланып, тиісті ұсыныстар беріледі.

    Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы тәрбие – ортақ міндетіміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Индер аудандық мәслихатының аппараты" жаңалықтары