Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезектен тыс LVІІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.«Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
2.«Индер аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Индер аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №62-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қабиева Гүлшара Мақажанқызы – Индер аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
3.Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының аппараты





