Аудан әкімі Серік Нсанбаев жұмыс жоспарына сәйкес Көктоғай ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы осыған дейінгі ауыл тұрғындарымен кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, шешімін тапқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындары «Көктоғай – Атырау» бағыты бойынша автобус қатынасын ұйымдастыру, Атырау қаласына қатынайтын такси қызметі құнының қымбаттауы, сондай-ақ сүрілуге жататын тұрғын үйдің орнына ардагерлер аллеясын салу мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелерді тыңдап, олардың шешілу жолдары бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









