«Инватакси: жаңа талаптар мен медициналық көрсетілімдер

    1 / 3

    23 қараша күні мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» № 102 бұйрығын түсіндіру бойынша, медициналық-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындыларын беретін жауапты тұлғалардың қатысуымен кездесу өтті.
    Кездесуге мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары, қала мектептерінің әлеуметтік педагогтері мен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік жұмыскерлері қатысты.
    Кездесу барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері инватакси қызметін пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістерді талқылап, қатысушылардың барлық туындаған сұрақтарына жауап берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ" жаңалықтары