БИКЕН РИМОВА АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ
«Тағдыр тәлкегі»
(психологиялық драма)
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен Талдықорған қаласының қонақтары! 26-27 қараша күндері сағат 19:00-де Б.Римова атындағы академиялық драма театрында Лидия Егембердиеваның «Тағдыр тәлкегі» шығармасының премьерасы өтеді. Психологиялық драманы режиссер Ұлан Ахметов сахналаған.
Қойылым адам тағдыры, уақыт, сағыныш пен жылдар өтсе де жүректе сақталатын сезім туралы сыр шертеді. Өмірдің әр кезеңінде қабылданған шешімдер мен өткен күндердің елесі адамды қайтадан толғандырса, тағдырдың жазуын өзгерту мүмкін бе? Бір кездесу, бір сәттік естелік пен өшпеген махаббат кейіпкерлерді өткен өміріне қайта үңілуге жетелейді. Ал адам шынайы бақыттың қадірін дер кезінде түсіне ала ма?
Спектакльде өткен мен бүгін, жастық шақ пен өмірдің кемел кезеңі астасып, адам жанының күрделі иірімдері сахна тілімен өріледі. Қойылым көрерменді сезімнің қадірі, өмірлік таңдау және бақыттың мәні туралы ойлануға шақырады.
Қойылымның музыкалық көркемдеушісі – Арнай Азанбаев, қоюшы-суретшісі – Сырым Орманбаев, хореографы – Айжан Құнанбаева.
Рөлдерде:
- Өмірсерік – Сағындық Жұмаділ
- Ақдидар – Мәкен Нұрмағанбетова
- Жас Өмірсерік – Батыржан Медет
- Жас Ақдидар – Мадина Сағымбай
- Айдар – Дарын Нұрсадық
- Бикен – Ақерке Мұстафаева
- Ғалым – Дархан Дүйсенов
- Шарипа – Салтанат Жақанша
- КГБ – кіші Әлішер Әбдіразақов
- Официант – Алмас Мұратұлы
Өтетін орны: Б.Римова атындағы академиялық драма театры
Күні мен уақыты: 26-27 қараша, сағат 19:00
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









