Педагогикалық әдеп – кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың негізі

    1 / 2

    Педагогикалық әдеп – кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың негізі
    Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жоспардан тыс отырысы жеке тұлғадан келіп түскен өтініш негізінде өткізілді.

    Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп қағидаларының 9-тармағы қаралды.

    Аталған тармақ талаптарына сәйкес педагогтердің өз қызметінде адалдық, әділдік, бейтараптық қағидаттарын ұстануы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуі және педагог мәртебесіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуының маңыздылығы атап өтілді.
    Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау – әрбір педагогтің кәсіби міндеті әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары