Сырттай проактивті куәландыру

    Сырттай-проактивті куәландыру дегеніміз не?

    Сырттай-проактивті куәландыру – бұл медициналық-әлеуметтік сараптама,яғниМӘС жүргізудің бір түрі. Оның барысында азаматтың жеке қатысуысыз, медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерге келіп түсетін мәліметтер негізінде мүгедектік белгіленеді.Қазақстанда бұл тәсіл мүгедектікті белгілеу рәсімін жеңілдетуге, азаматтардың МӘС бөлімдеріне бару қажеттілігін азайтуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

    Бұл үдеріс іс жүзінде қалай жүзеге асырылады?

    Медициналық ұйым азаматтың денсаулық жағдайы туралы қажетті мәліметтерді белгіленген тәртіппен жолдайды.Ақпараттық жүйелер медициналық деректерді МӘС жүргізу үшін жібереді.Экстерриториялық МӘС сарапшылары медициналық құжаттарды, функционалдық бұзылыстарды, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін және тиісті негіздерді зерделейді.Ұсынылған мәліметтер негізінде сараптамалық шешім қабылданады.Нәтиже белгіленген тәртіппен рәсімделіп, азаматқа жеткізіледі.Сырттай-проактивті куәландыру медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, белгіленген аурулар мен жағдайлар тізбесіне сәйкес және пациенттің келісімімен жүргізіледі.Құжаттар № 031 электрондық нысаны негізінде қаралады, алсараптамалық бағалауМӘС – тің эксаумақтықжәне тәуелсіз сарапшылардыңқатысумен жүргізіледі.

    Сырттай проактивті куәландырудың негізгі мәні:Азамат МӘС бөлімінде жеке тексеруден өтпейді. Сараптама электрондық медициналық құжаттар негізінде қашықтан жүргізіледі. Бұл ретте шешімді автоматтандырылған жүйе емес, МӘС сарапшылары қабылдайды.

    Бұл тәсіл қандай мақсатта қолданылады?

    ·Азаматтарға түсетін әкімшілік жүктемені азайту.Белгіленген жағдайларда МӘС бөліміне жеке бару қажеттілігін болдырмау.Сараптамадан өту мерзімін қысқарту.Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.Әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру кезіндегі бюрократиялық кедіргілерді азайту.Қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей байланысты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.Қорытындылай келе, сырттай-проактивті куәландыру – бұл әлеуметтік қорғаудыңқолжетімділігін арттыру тетігі. Ондаазамат МӘС бөлімдеріне жеке баруға байланысты артықжүктемесіз МӘСқызметіналады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары