ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ МӘРИЯМ ХӘКІМЖАНОВА – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА!

    1 / 2

    ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ МӘРИЯМ ХӘКІМЖАНОВА – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА!

    2026 жылғы 13 қарашада«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында Алтынсарин ауданы білім бөлімімен біррлесіпқазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық ақыны Мәриям Хәкімжанованың 120 жылдығына арналған «Ақын есімі – мәңгілік ел жадында» атты облыстық әдеби-көркем конференцияұйымдастырылды.

    Іс-шараұйымдастырушысы-Алтынсарин ауданының Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретінмектебі. Осы іс-шара Қостанай қаласындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі серіктестік ретінде және Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектептің, Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектептің педагогтерін біріктірді.

    Конференция барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы, қазақ әдебиетіндегі орны, поэзиясының көркемдік әлемі және оның кейінгі ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен талқыланды.

    Педагогтер мазмұнды баяндамалар жасап, ақын шығармашылығын танытудың тиімді жолдарымен бөлісті. Әдеби-көркем композициялар, поэзиялық қойылымдар мен музыкалық шығармалар конференцияның мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

    Іс-шара соңында қатысушылар мектеп мұражайымен танысып, ақын есімін ұлықтауға бағытталған тағылымды кездесудің куәсі болды.

    Ақынның асыл мұрасы – ұлт руханиятының қазынасы, ал есімі мен шығармашылығы – келер ұрпаққа қалдырған өшпес өнеге.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары