Францияның Париж қаласында өткен «Триумф» халықаралық көпжанрлы байқауында жоғары жетістіктерге қол жеткізген қызылордалық жас өнерпаздарды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов арнайы қабылдап, Алғыс хаттар табыстады.
Әлемнің әртүрлі елдерінен талантты балалар мен жастардың басын қосқан халықаралық өнер додасында «ART STUDIO SAFI» шығармашылық студиясының шәкірттері бейнелеу өнері бағытында бақ сынап, Сыр өңірінің абыройын асқақтатты.
Атап айтқанда, Ұзақ Іңкәр байқаудың Бас жүлдесін (Grand Prix) жеңіп алып, 2027 жылы Венгрияда өтетін халықаралық байқауға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, Ким Августина І орын, Маликова Инаят, Мустафа Гаухар, Ғалымжанқызы Айша ІІ орын, Мұрат Альтаир мен Маханова Жұлдыз ІІІ орын иегерлері және Серікова Асылым Нұрболатқызы арнайы жүлде иегері атанды.
Сондай-ақ, пәнаралық олимпиадаға қатысқан Мұстафа Кәусар мен Ли Амелия да халықаралық деңгейде білімдерін сынады.
Қабылдау барысында басқарма басшысы жас дарындардың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың халықаралық өнер додасындағы табыстары өңірдің шығармашылық әлеуетін танытатын маңызды жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын шыңдауға үлес қосып жүрген ұстаз Гүлзат Ермекқызының еңбегіне ризашылығын білдірді.
Кездесу соңындаЖ. Сейіловжас өнерпаздарға шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









