Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысында мәдениет және өнер саласында, сонымен қатар, архив ісі және құжаттама жасау қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Азаматтардың нақты туған уақыты (күні, айы, жылы, сағаты мен минуты) архивтен алуға бола ма?

    Жауап

    Соңғы уақытта азаматтардың туу туралы акт жазбасында көрсетілмеген нақты туған уақытын (сағаты мен минутын) анықтау жөніндегі сұрау салулары жиілеген. Нақты туған уақыт туралы мәліметтерді қамтитын туу туралы журналдар тиісті мекемелерде сақталады. Аталған журналдардың сақтау мерзімі – 5 жыл. Осыған байланысты архивте азаматтардың туу уақытын (сағаты мен минутын) анықтау мүмкіндігі шектеулі.

    Сұрақ

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысу үшін алдымен арнайы платформаға тіркелу қажет. Қатысу тәртібі: Марафонның ресми сайтына кіріңіз: https://reading-nation.kz/ Тіркелуден өтіңіз және өзіңізге сәйкес қатысу бағытын таңдаңыз. Марафонға ұсынылған 330 кітаптың ішінен 15 кітапты оқыңыз. Оқыған кітаптарыңыз туралы жеке кабинетіңізге пікір немесе рецензия жүктеп отырыңыз. Марафонның қорытынды кезеңінде тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысыңыз. Белсенді қатысушылардың нәтижелері қорытындыланып, марапаттау рәсімі өткізіледі. Қатысу бағыттары: * «Кітап оқитын мектеп»; * «Кітап оқитын колледж»; * «Кітап оқитын университет»; * «Кітап оқитын педагог»; * «Кітап оқитын әулет»; * «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»; * «Кітап оқитын зияткер». Яғни, марафонға қатысу үшін тіркеліп, өз бағытыңызды таңдап, 15 кітап оқып, олар бойынша пікір қалдыру және қорытынды тапсырмаларға қатысу қажет.

    Сұрақ

    «Бақыт мекені» жобасы аясында кімдер кеңес ала алады? Ашық есік күні қашан және қандай мақсатта ұйымдастырылады?

    Жауап

    «Бақыт мекені» жобасы отау құруға ниетті жастар мен жас отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба аясындағы кеңестерді кез келген қала тұрғыны ала алады. Ашық есік күні әр бейсенбі сайын сағат 10:00-13:00 аралығында Отбасы орталығында ұйымдастырылады. Бұл күні тұрғындар Отбасы банкі, Мансап орталығы, Жастар ресурстық орталығы және Жастар денсаулығы орталығы мамандарынан тұрғын үй, жұмыспен қамту, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық бағыттары бойынша тегін кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап таба алады. Жобаның негізгі мақсаты-жастар мен жас отбасыларға қажетті ақпарат пен кеңесті бір ортада ұсынып, олардың отбасы құруына, баспаналы болуына, жұмыспен қамтылуына және отбасы әл-ауқатын нығайтуына қолдау көрсету.

    Сұрақ

    Театрға кіру тегін бе? Билет бағасы қандай?

    Жауап

    Театрдағы спектакльдер мен іс-шараларға кіру билетті қажет етеді. Билет бағасы қойылымның түріне және өткізілу форматына байланысты белгіленеді. Билеттерді театрдың кассасынан немесе ресми онлайн платформалардан сатып алуға болады.

    Сұрақ

    Мен, жергілікті ақын-жазушы ретінде, өз қаражатым есебінен жарыққа шығарған кітабымды кітапхана қорына енгізу үшін сатып алуға ұсынсам, кітапхана тарапынан қарастыруға мүмкіндік бар ма?

    Жауап

    Иә, жергілікті авторлардың шығармаларын қолдау және өңірдің әдеби-мәдени мұрасын сақтау мақсатында авторлар ұсынған жаңа басылымдар кітапхана тарапынан қарастырылады. Ұсынылған кітаптың мазмұны, тақырыптық бағыты, әдеби-танымдық және өлкетанулық құндылығы, сондай-ақ оқырмандар сұранысы ескеріледі. Кітапхана қорына қажеттілігі анықталған жағдайда, басылымды қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.

    Сұрақ

    Облыс тұрғындары мен қонақтарының жаз айларындағы демалыс уақыттарын көңілді әрі мазмұнды өткізу мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда?

    Жауап

    Жазғы демалыс кезеңінде облыс тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-көпшілік іс-шараларға тарту және отбасылық демалысты мазмұнды өткізу мақсатында әр сенбі сайын Президент паркі және қалалық, аудандық паркінлерінде, саябақтарда мәдениет ұйымдарының ұйымдастыруымен ашық аспан астында концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған мәдени шаралар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізілуде. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған лагерлерде, балабақшаларда қойылымдар, мәдени-танымдық іс-шаралар өтуде.

    Есеп

    Аудиторлық есеп № 26-Т 05 қыркүйек 2026 ж.

    Аудиторлық есеп № 26-Т 05 қыркүйек 2026 ж.

    Жарияланды:
    Есеп

    Аудиторлық есеп № 59 16 сәуір 2026 ж.

    Аудиторлық есеп № 59 16 сәуір 2026 ж.

    Жарияланды:
    Бюджет

    Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік паспорт

    Сіз Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік паспорттардың жобаларымен төмендегі сілтемелер бойынша таныса аласыз, ол үшін сілтемені басыңыз: https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365796&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365345&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365332&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365316&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365305&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365275&budgetState=PROJECT https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3672&budgetId=4365246&budgetState=PROJECT

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Талдамалық анықтама «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

    Жарияланды: