«Ән қанатындағы өмір» кітап таныстырылымы

    1 / 9

    15 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, білім беру ісінің озық қызметкері, ұлағатты ұстаз Темірбек Есжановтың «Ән қанатындағы өмір» кітабының таныстырылымы өтті.

    Салтанатты шараны Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейілов ашты. Тағылымды шараға қоғам қайраткері, Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Қызылорда қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ө.Шәменов, қоғам қайраткері С.Аңсат және басқа да әдебиет пен өнер саласының өкілдері, ардагерлер қатысып, ақынның шығармашылық жолы мен жаңа туындысының мазмұнына кеңінен тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

    Кітапта ән өнері, ел тарихы, туған жер, адам тағдыры мен руханият мәселелері арқау болып, қаламгердің өмірлік пайымдары мен шығармашылық ізденістері көрініс тапқан.

    Қаламгердің шығармашылық еңбегін бағалау – әдебиетке, өнерге, руханиятқа деген құрметтің белгісі. Ақынның жырларынан туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет, адамдық құндылықтар мен өмір тағылымын арқау еткен рухани ізденістің көрінісін көруге болады.

    Әдебиет пен өнерді ұлықтаған тағылымды шарада әндер орындалып, шығармаларынан үзінділер оқылды. «Өнегелі өмір, өрісті еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары