«ҒАСЫРЛЫҚ ЖАД – ҰЛТҚА АМАНАТ» архивтік-құжаттық көрме

    1 / 4

    2026 жылы 21 қазан Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан өңірінің ғасырлық тарихына арналған «ҒАСЫРЛЫҚ ЖАД – ҰЛТҚА АМАНАТ» атты көшпелі архивтік-құжаттық көрменің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – Түркістан облысы мемлекеттік архивінің ғасырлық тарихын насихаттау, архив қорларында сақталған тарихи құжаттарды көпшілік назарына ұсыну, ұлттық тарихи-мәдени мұраны дәріптеу.

    Салтанатты шараға Түркістан облысының делегациясы, зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар, облыстық архив филиалдарының басшылары, студенттер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және архив саласының қызметкерлері қатысты.

    Шара барысында Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ж.Сейілов құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімінің құттықтау хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

    Сонымен қатар Түркістан облысы мемлекеттік архивінің басшысы Г.Шардарбекова «ҒАСЫРЛЫҚ ЖАД – ҰЛТҚА АМАНАТ» көшпелі көрменің мақсаты мен маңызы туралы баяндап, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ғасырлық тарихына қысқаша шолу жасап, қонақтарға Түркістан облысы мемлекеттік архивінің сирек кездесетін Ұлттық архив қоры құжаттарымен және фотосуреттерімен таныстырды. Көрмені арнайы бөлім меңгерушілері Д.Шиғанбаев пен Г.Әмзеева таныстырды.

    Шара соңында Түркістан облысы мемлекеттік архивінің делегациясы Қызылорда облыстық мемлекеттік архивіне барып, архив қызметкерлерімен кәсіби кездесу өткізді. Кездесу барысында «Архив – тарихи жадының алтын қоры» тақырыбында тәжірибе алмасу және архив саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қонақтарға Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" жаңалықтары