Бір аптада 800-ден астам жол қозғалысы қағидаларын бұзу: ШҚО жүргізушілері нені ескеруі керек
Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының жолдарында 800-ден астам жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактісінің жолы кесілді.
Ең жиі кездесетін бұзушылық - жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауы. Мұндай 414 дерек тіркелді. Тағы 274 жағдайда маневр жасау ережелері бұзылса, 63 жағдайда жүргізушілер жолда апаттық жағдай туғызған.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше қауіп төндіретін фактілер де бар. Бір апта ішінде полиция қызметкерлері көлікті масаң күйде басқарудың 17 дерегін анықтады. Сонымен қатар 16 жүргізуші көлік құралын басқару құқығы болмаса да, рөлге отырған.
Мұндай заң бұзушылықтардың әрқайсысы жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау, рөлге масаң күйде отырмау және тиісті жүргізуші куәлігінің болуы – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды талаптар.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








