«Бақыт мекені» жобасы аясында кімдер кеңес ала алады? Ашық есік күні қашан және қандай мақсатта ұйымдастырылады?
«Бақыт мекені» жобасы отау құруға ниетті жастар мен жас отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба аясындағы кеңестерді кез келген қала тұрғыны ала алады. Ашық есік күні әр бейсенбі сайын сағат 10:00-13:00 аралығында Отбасы орталығында ұйымдастырылады.
Бұл күні тұрғындар Отбасы банкі, Мансап орталығы, Жастар ресурстық орталығы және Жастар денсаулығы орталығы мамандарынан тұрғын үй, жұмыспен қамту, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық бағыттары бойынша тегін кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап таба алады. Жобаның негізгі мақсаты-жастар мен жас отбасыларға қажетті ақпарат пен кеңесті бір ортада ұсынып, олардың отбасы құруына, баспаналы болуына, жұмыспен қамтылуына және отбасы әл-ауқатын нығайтуына қолдау көрсету.