Мен, жергілікті ақын-жазушы ретінде, өз қаражатым есебінен жарыққа шығарған кітабымды кітапхана қорына енгізу үшін сатып алуға ұсынсам, кітапхана тарапынан қарастыруға мүмкіндік бар ма?
Иә, жергілікті авторлардың шығармаларын қолдау және өңірдің әдеби-мәдени мұрасын сақтау мақсатында авторлар ұсынған жаңа басылымдар кітапхана тарапынан қарастырылады. Ұсынылған кітаптың мазмұны, тақырыптық бағыты, әдеби-танымдық және өлкетанулық құндылығы, сондай-ақ оқырмандар сұранысы ескеріледі. Кітапхана қорына қажеттілігі анықталған жағдайда, басылымды қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алу арқылы сатып алу мүмкіндігі қарастырылады.