АШЫҚ ДИАЛОГ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ

    1 / 2

    Мемлекеттік қызметтің сапасы – тек атқарылған жұмыспен ғана емес, ең алдымен, адамдармен қарым-қатынас, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне деген құрметпен өлшенеді. Ал мұндай сенімді қалыптастырудың басты тетігі – ашық диалог пен өзара түсіністік.
    Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғұжанқызы Жанадилова Целиноград ауданына жұмыс сапары аясында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдады.
    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, өтініштерді қарау тәртібі және қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
    Жеке қабылдаудың маңыздылығы – әр адамның мәселесін назардан тыс қалдырмай, оны мұқият тыңдап, заң аясында нақты түсініктеме мен қажетті кеңес беру. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге кәсіби ортада әдеп қағидаттарын сақтау, жауапкершілік пен адалдықты басшылыққа алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Осындай кездесулердің мәні тек мәселелерді қарастырумен шектелмейді. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік қиындықтардың алдын алуға, өзара сенім мен ашықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
    Өйткені әрбір өтініштің артында – адамның тағдыры, әрбір сұрақтың астарында – шешімін күткен мәселе бар.
    Сондықтан тыңдай білу, түсіне білу және нақты көмек көрсету – халықпен тиімді байланыс орнатудың басты қағидаты.
    Ашық әңгіме мен сындарлы диалог бар жерде сенім нығайып, ортақ шешімге жол ашылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары