Мемлекеттік қызмет – жай ғана мамандық емес, бұл – халық алдындағы үлкен жауапкершілік пен елге адал қызмет етудің жолы. Бұл жолда кәсіби білім мен біліктілік қаншалықты маңызды болса, адамгершілік, адалдық, әділдік пен әдептілік те соншалықты маңызды.
Целиноград ауданында Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғұжанқызы Жанадилованың жас мемлекеттік қызметшілермен және жас мамандармен кездесуі өтті.
«Мемлекеттік қызмет сенен басталады: кәсіби әдеп, жауапкершілік және сенім» тақырыбында өткен кездесуде мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтары, қызметтік әдеп нормалары, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті, іскерлік бедел қалыптастыру және жас мамандардың қызмет жолында кездесетін өзекті мәселелер талқыланды.
Әсіресе, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудағы әр қызметшінің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Жас маман үшін еңбек жолының алғашқы қадамдары – болашақ кәсіби болмысының негізі. Осы кезеңде қалыптасқан көзқарас, жұмысқа деген адалдық, адамдармен қарым-қатынас мәдениеті мен жауапкершілік сезімі оның алдағы қызметіне бағыт береді.
Мемлекеттік қызметте биік лауазымнан бұрын – биік жауапкершілік, кәсіби білімнен бұрын – адамдық қасиет, ал абыройдан бұрын – адал еңбек тұруы тиіс.
Әрбір жас қызметші өзінің күнделікті ісімен, азаматтарға деген құрметімен, әділ шешімімен және кәсіби ұстанымымен мемлекеттік аппараттың беделін қалыптастырады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің мәдениеті мен сенімі әр қызметкердің өзінен басталады.
Мұндай кездесулер жас мамандарға қызметтік әдептің мәнін терең түсінуге, кәсіби бағдарын айқындауға және мемлекеттік қызметтің жоғары талаптарын сезінуге мүмкіндік береді.
Өйткені мемлекеттік қызметтің шынайы келбеті – ресми ұрандарда емес, халыққа адал қызмет етіп жүрген әрбір мемлекеттік қызметшінің ісінде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









