Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында Ақтөбе облысының Әділет департаменті өңірдегі перзентханалар мен медициналық ұйымдар, қалалық АХАТ бөліміөкілдерінің қатысуымен20.11.2026 жылысеминар өткізді.
Іс-шара барысында баланың тууын мемлекеттік тіркеудің өзекті мәселелері, қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібі, өтініш беру және туу туралы куәлікті электрондық форматта алу ерекшеліктері қарастырылды.
Атап айтқанда, баланың тууы туралы мәліметтерді уақтылы жолдау, медициналық құжаттарды дұрыс ресімдеу, сондай-ақ медициналық ұйымдардың азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, қосымша құжаттық растауды талап ететін жекелеген жағдайларда әрекет ету тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құжаттарды ресімдеу кезінде туындайтын қателіктердің алдын алуға және баланың дүниеге келген алғашқы күндерінен бастап азаматтардың құқықтарын уақтылы іске асыруға ықпал етеді.
Ақтөбе облысының Әділет департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









