Ақтөбе облысының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Департамент өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Сот үкімін орындау аясында аға сот орындаушы Ш.Ермагамбетовамен автокөліктер, самокаттар есептеу машинасы тәркіленіп, уәкілетті органға тапсырылды.

    Ашу

    2026 жылғы 08 шілдеде «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның негізгі ережелері мен рақымшылық жасаудың шарттарын жан-жақты зерделеу мақсатында Ақтөбе оьлысы Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік сот орындаушылары дөңгелек үстел өткізді.

    Ашу

    26.06.2026 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасы әділет департаментімен бірлесіп, облыстың заң қауымдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Алға ауданының тұрғындарына «Заң керуені» республикалық акциясын өткізілді.

    Ашу

    26.06.2026 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасы әділет департаментімен бірлесіп, облыстың заң қауымдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Хромтау ауданының тұрғындарына «Заң керуені» республикалық акциясын өткізілді.

    Ашу

    26.06.2026 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасы әділет департаментімен бірлесіп, облыстың заң қауымдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен Қобда ауданының тұрғындарына «Заң керуені» республикалық акциясын өткізілді.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамаларда МТК № (цифрлар) көрсетіледі, бұл нені білдіреді?

    Жауап

    "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 1-бабының 21-1-тармағына сәйкес жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларда мекенжай мәтіндік мәнде көрсетілгеннен кейін мекенжайдың тіркеу коды ( бұдан әрі-МТК ) сандық мәнде көрсетіледі, ол "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі жақшаның ішінде Регенерациялайтын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды болып табылады (МТК № он алты мәнді ). Осыған байланысты, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (МТ АЖ) - Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай деректерінің бірден-бір ресми көзі болып табылады. МТ АЖ мекенжайлық мәліметтерді енгізу, олардың дұрыстығы, өзектілігі және дұрыстығы бойынша функциялар "Сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады. МТ АЖ сәулет бөлімінің қызметкерлерімен енгізілген мекенжай деректері автоматты түрде "Бірынғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры"деректер базасына беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Жоғалған мүліктің кұжаттарын қалай қалпына келтіруге болады?

    Жауап

    Құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі. Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді. Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Техникалық паспортты электронды түрде беру

    Жауап

    Заңнаманы жетілдіру шеңберінде электрондық техникалық паспорт және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтықтарын анықтау туралы қорытынды беру қызметі іске асырылды. Өтініш беру және электрондық техникалық паспорт алу үшін тұрғын үй иесі egov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет. "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын алуға электрондық өтініш беру" қызметін таңдап, өтінімді толтырып және оған құқық белгілейтін құжаттың скан көшірмесін (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т. б.) тіркей отырып, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Сонымен қатар, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізу немесе төлем туралы түбіртекті бекіту қажет. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңға сәйкес қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы қызметкерлерінің және басшыларының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық техникалық паспорт болып табылады. Бұл қызметті автоматтандыру құжаттардың меншік иесінің Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтінішпен жүгінбеуіне, бұл оның тарапынан болатын қаржылық және уақыт шығындарын қысқартатыны сөзсіз.

    ·
    Сұрақ

    Мен Ақтөбе қаласында орналасқан пәтерді сатқым келеді, бірақ мен Астана қаласында тұрамын, пәтер сату үшін міндетті түрде Ақтөбе қаласына бару қажет пе?

    Жауап

    Кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтар объектінің орналасқан жеріне қарамастан, елдің кез келген нотариусында жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады. Осылайша, егер тараптар Астана қаласында болса, ал жылжымайтын мүлік объектісі Ақтөбе қаласында орналасқан болса, онда Ақтөбе қаласына барудың немесе сенімхат рәсімдеудің қажеті жоқ. Астана қаласының кез келген нотариусына жүгініп, мәмілені рәсімдеуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Қызметті веб портал арқылы қалай алуға болады?

    Жауап

    www.egov.kz сайтына кіріңіз, құқықтық көмек, атқарушылық іс жүргізуді қозғау, бұдан әрі- Қызметке онлайн тапсырыс беру, «Сот кабинетінде» авторизациялау қажет, арыздың электрондық нысанын толтырыңыз, арызға қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, оған ЭЦҚ қол қойып жіберіңіз.

    ·
    Үзінді

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының қорытынды 2026 жылғы 23 маусымдағы №26-2 хаттамасынан ҮЗІНДІ

    Жарияланды:
    Үзінді

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының қорытынды 2026 жылғы 17 маусымдағы №24-2 хаттамасынан ҮЗІНДІ

    Жарияланды: