Құрылыс алаңынан жолға лай шығарған ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Елордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жалғасуда.
    Жүргізілген іс-шаралар барысында Хусейн бен Талал көшесінде орналасқан нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс ұйымы тарапынан заңбұзушылық анықталды.
    Атап айтқанда, ұйым құрылыс алаңынан шығатын автокөлік дөңгелектерін жуу пунктінің тиісті деңгейде күтіп-ұсталуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан құрылыс алаңынан шыққан көліктер жолдың жүріс бөлігіне лай мен құрылыс қалдықтарын шығарған. Бұл қала аумағын абаттандыру қағидаларының талаптарын бұзуға әкеп соққан.
    Анықталған заңбұзушылық бойынша құрылыс ұйымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
    Полиция құрылыс ұйымдары абаттандыру қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, құрылыс алаңдарын тиісті қоршаулармен қамтамасыз етуге және құрылыс материалдарын арнайы бөлінген орындарда сақтауға міндетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары