Елордада «Үлгілі жүргізуші – 2026» акциясы өтті

    Астанада жол қозғалысы мәдениетін арттыру, тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын азаматтарды қолдау мақсатында «Үлгілі жүргізуші – 2026» акциясы ұйымдастырылды.
    Іс-шара аясында 2026 жылы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған және жол-көлік оқиғаларына қатыспаған жүргізушілер іріктелді. Акцияның басты ерекшелігі – жолда жоғары жауапкершілік танытып, өзгелерге үлгі болған азаматтарды көпшілікке таныту.
    Марапаттау барысында үздік жүргізушілерге Астана қаласы Полиция департаментінің атынан алғысхаттар, күнделіктер және автокөлікке жапсыруға арналған «Үлгілі жүргізуші» арнайы жапсырмалары табысталды.
    Сонымен қатар акцияны қолдаған автомектептер тарапынан қатысушыларға арнайы сертификаттар мен автокөлік жүргізушісіне арналған сөмкелер сыйға берілді.
    Мұндай бастамалар жол қозғалысына қатысушылар арасында өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған.
    Айта кету керек, жол қауіпсіздігі тек полиция қызметкерлерінің жұмысына ғана емес, әрбір жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өз өміріңді ғана емес, өзге адамдардың да өмірі мен денсаулығын қорғау.
    Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары